Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Копирайтер деген кім?

Копирайтер деген кім?

Елордадағы  әріптесіміздің бірі әңгіме барысында өзінің негізгі жұмысына қосымша копирайтер міндетін атқарып жатқанын айтты. Қосымша жұмыс та аз табыс әкелмейтінін жасырған жоқ. Технология дамыған сайын уақыт талабына сай жаңа мамандықтар қатары көбейе беретіні сөзсіз. Соның бірі әрі сұранысқа ие  кәсіп –
копирайтер. Бір айта кетерлігі, бұл да бір мамандық сияқты аталғанмен, мұны мамандық ретінде арнайы оқытпайтыны белгілі. Сонымен копирайтер деген кім?
«Википедия» анықтамасына сүйен­сек, «Копирайтер – жарнамалық мәтін жазудың шебері. Оның блогерден айырмашылығы, тапсырыс бойынша жазады. Ол мәтінді тек ғаламтор ресурс­тары үшін жазады. Сайттарда жарық көретін барлық мақалалар, сілтеме ре­тінде келетін электронды хаттардың бәрі копирайтер еңбегі».
Тағы бір атап айтарлығы, копирай­тердің жазғанын оқыған адам сол сайттың тұрақты оқырманына айнала­тындай шебер жазу иесі болуға тиіс. Демек, копи­райтерге жүктелер жауапкершілік зор. Ол сөз өнерін меңгеруі тиіс.
Жалпы цифрлық дәуір таңертеңнен кешке дейін кеңседе отырып жұмыс істеу міндетті емес екенін дәлелдеп келеді. Интернетіңіз бен компьютеріңіз болса, үйде отырып та жұмыс істеу мүмкін екенін жалпы жұртқа төтенше жағдай кезеңі де дәлелдей түсті. Ең бастысы, цифрлық сауаттылық әркімге де қажет екені бөлек тақырып. Ал жаңа кәсіп саналатын копи­райтер жазу өнерін меңгергенге бү­гінде тәуір табыс болып тұр. «Википедия» анықтама бергеніндей, оның жазбасы нарықта сұранысқа ие болуы керек. Қалай дерсіз? Бүгінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Ірі компаниялардан бас­тап, шағын кәсіпке де жарнама керек. Бүгінгі кәсіптің жарнамасы «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде қызып тұр. Кәсіпкердің де, әншінің де, бишінің де, асабаның да, тренердің де жарнамасы осында. Жарнама арқылы оқырманның сеніміне кіріп, сөзі мен ісі сай бизнес парақшаларының оқырмандары көп. Ал сол жарнаманы жасаушы, қарапайым халықтың жүрегіне жол тапқан копирайтердің шынайы жазбасы. Сондай-ақ бизнес саласына қазақша жарнама жасап жүр­ген де копи­райтерлер. Мамандар пікіріне сүйенсек, әлеуметтік желінің өз тілі бар. Шұбалаңқы, тым ресми мәтінді оқырман оқымақ түгілі, қызық­пайды да. Жарнама мәтіні нақты, түсінікті болуы қажет. Сондай-ақ, кәсіп иесінің кейде оқырманмен ой бөлісіп, айналадағы оқиғалар туралы пікірін білдіруі де  жағымды әсер қалдырады екен. Бүгін­де әлеуметтік желіде оқырманның жүрегіне жылы жазбасымен жол тауып, әлеуметтік желіде әрдайым оқыр­манының жаны­нан табылатын жұл­дыздардың немесе беделді компания иесінің сұранысқа ие парақшасы болса, бұл копирайтер еңбегі екенін бағамдай біліңіз. Тағы бір атап айтарлығы, копирайтер жазу өнерін меңгерумен қатар, интернеттің «құлағында ойнаса» құба-құп. Мил­лиондаған оқырманның назарын ау­дару  үшін де әлеуметтік желі па­рақшасын жүргізу технологиясын ше­бер меңгеру керек. Сұранысқа ие кәсіптің қыр-сырын үйрететін курстар да аз емес екен. Мұны да әлеуметтік желіден табуға болады.  Копирайтерге қойылатын талаптар бір­қатарын атап өтсек: Ең әуелі жазатын саланы терең білу. Бұл үшін әрдайым ізденіс қажет. Әйтпесе, белгілі бір компанияның өнімін жар­намалау кез-келгеннің қолынан келе бермесі анық. Екінші, жазу стилін меңгеру және түрлендіру. Бұл оқырманды жа­лықтырмау үшін қажет. Ол бірде сараптама, бірде шолу енді бірде нақты ақпарат жаза білу қажет. Үшінші, оның әрбір сөзі қарапайым халыққа арналауы тиіс. Кәсіби немесе тым ресми тіл копирайтер үшін жат.
Бүгінде копирайтер деген дипломға қатталған мамандық болмаса да қал­таны қалыңдататын кәсіп болып тұр.   Маманданған копирайтерлер «еңбегіміз арзан тұрмайды» дейді...
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
14 шілде 2020 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам