Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды

Электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді. 28-орынға Канада ие болды. Бұл рейтинг әр 2 жыл сайын жасалады және БҰҰ-ға мүше 193 елдің көрсеткіштері бағаланады.2020 жылғырейтинг мемлекеттердің 2018-2019 жылдары жүргізген жұмыстарының нәтижесіне негізделген.
БҰҰ-ның жариялаған есебіне сәйкес, электрондық үкіметті дамыту бойынша көшбасшылардың алғашқы үштігіне Дания, Оңтүстік Корея және Эстония енді.
ТМД елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Ресей (36), Беларусь (40), Украина (69), Молдова (79), Өзбекстан (87)және т.б.елдер орналасқан.
Осы жылғы рейтингте Португалия 35-ші, Италия37-ші, Бельгия 41-ші, Қытай 45-ші, Малайзия 47-ші орында тұр.
Қазақстанның аталған рейтингтегі ең жоғары позициясы 28-орын 2014 жылы тіркелген еді. 2016 жылы 33-орынға, ал 2018 жылы 39-орында болды. Осылайша, соңғы 2 жылдағы көрсеткіш бойынша Қазақстан10 позицияға жоғарылады.
Электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның жаһандық рейтингінде (EGDI) үш компонент негізге алынады: электрондық қызметтерді (OSI), адами капиталды (HCI), телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (TII).
2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда электрондық үкіметті дамыту индексі (EGDI) 2020 жылы 10.2%-ға, онлайн қызметтер бойынша 6,38%-ға, адами капитал бойынша 5.6%-ға өсті.
Жоғары 22.7% көрсеткіш телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында байқалды. Сонымен қатар, электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды. Рейтингте бұл көрсеткіш 1% деп бағаланса, Қазақстанның көрсеткіші 0,92% деп бағаланды.
Электрондық үкіметті қолдануды дамыту бойынша (E-participation) Қазақстан 16 позицияға көтеріліп, 26-орынға шықты. Бұл индекс азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын, мемлекет қызметінің ашықтығын көрсетеді, бұл "естуші мемлекет"саясатына сәйкес келеді.
Жергілікті жерлерде онлайн-қызметтерді дамыту бойынша Алматы қаласы рейтингке қатысқан әлемдегі 100 қаланың ішінде 29-орында.
БҰҰ-ның есебіне сілтеме:
15 шілде 2020 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам