Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЙ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ВИЗАСЫЗ БАРА АЛАДЫ?

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЙ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ВИЗАСЫЗ БАРА АЛАДЫ?

  2018 жылы Қазақстан төлқұжаттар индексінде екі саты көтеріліп, 65-орынға жайғасты. Бұдан былай қазақстандықтар 71 мемлекетке визасыз бара алады.

2018 жылы Қазақстан әлемдік рейтингте Оман және Белоруссия мемлекеттерімен бірге 65-орынға табан тіреді. Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 67-орында тұрған еді. Бірақ, еліміздің бұл рейтингте көтерілгеніне қарамастан, визасыз баруға болатын мемлекеттер саны сол күйі қалды, деп хабарлайды Baq.kz.
Қазақстанның көршілері паспорттар индексі рейтингінде келесідегідей орындарда тұр: Ресей – 48-орын, Әзірбайжан – 72-орын, Өзбекстан – 85-орын.
Соңғы бес жылдан бері аталған рейтингте бірінші орында Германия тұр. 2018 жылы неміс паспортымен 177 мемлекетке визасыз саяхаттауға болады. Биыл визасыз баруға болатын мемлекеттер тізімі біреуге толықты. Екінші орын 176 мемлекетке визасыз бара алатын Сингапурге тиесілі. Ал үшінші орынға бірден сегіз мемлекет жайғасты. Олар – Ұлыбритания, Дания, Италия, Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция және Жапония. Аталған мемлекеттің азаматтары 175 мемлекетке визасыз бара алады. Соңғы орында Ауғанстан тұр. Бұл елдің азаматтары тек 24 мемлекетке визасыз бара алады.
Паспорт индексін 2006 жылдан бері Henley&Partners компаниясы Халықаралық әуе транспорты ассоциациясымен бірге береді.
11 қаңтар 2018 ж. 1 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам