Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысына Түркиядан гуманитарлық көмек келіп жетті

Қызылорда облысына Түркиядан гуманитарлық көмек келіп жетті

Қызылорда облысына Түркиядан гуманитарлық көмек келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек пен 30 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) жеткізілген болатын. Оның ішінде аппараттың 10-ы Қызылорда облысына берілді. Аппараттың 3-уі облыстық фтизиопульмонология орталығына берілді. Ал қалған 7-уі өңірдегі өзге ауруханаларға жеткізіледі. Айта кету керек, Түркия үкіметімен бірге қазақ қауымдастығының өкілдері де елімізге қолдау көрсетуде. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тасбөгет кентінде орналасқан облыстық фтизиопульмонология орталығына барды. Емдеу орнына Түркиядан келген өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттарын табыстады. Жоғарыда аталған орталықта 120 орындық инфекциялық стационар ұйымдастырылған. Оның ішінде 6 төсек жансақтау бөлімі болып ашылған. Бүгінгі таңда стационарда 111 науқас ем алуда, оның 4 жансақтау бөлімінде. Тағы 9 азамат облыстық көпбейінді және қалалық ауруханадан ауыстырылатын болады. Айта кету керек, «Вi-group» құрылыс компаниясы 10 оттегі концентратын фтизиопульмонология орталығына сыйға тартқан. Осыған дейін Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келгендігін жаздық.

20 шілде 2020 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам