Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дәрі бағасы бақылауда

Дәрі бағасы бақылауда


Елдегі ахуал белгілі. Бүгінде елімізге тосыннан келген індет қаупі өршіп тұр.  Қазіргі таңда аймақтағы ахуалға байланысты қатаң шаралар қолға алынды. Індетпен күресуге тиісті жұмыстар бақылауда болады. Себебі, аймақта төсек орын және дәрі тапшылығына байланысты мәселелер туындады. Сондықтан халықтың сұранысына сай қажетті шаралар күшейтілді.


ТӨСЕК-ОРЫН ЖЕТКІЛІКТІ
Қазіргі таңда аурудың жеңіл түрімен ауырғандар үйден емделуде. Себебі, коронавирус пандемиясы мен пневномия дертінің ушығуынан ауруханаларда төсек-орын жетіспеушілігі орын алды. Бұл мәселе тек біздің аймақта емес, республиканың басқа да өңірлерінде бар екені анықталды. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, медициналық ұйымдардағы төсек-орындарды бөлуді  қайта қарау бойынша тапсырма берді.
Өңірде дерттің үдеп бара жатқаны, онымен күресуде кейбір олқылықтар орын алғаны белгілі. Сондықтан да аймақтағы ахуалды облыс әкімі тікелей назарына алды. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес короновирус індетімен күресу мақсатында өңірде инфекциялық және провизорлық төсек-орындары көбейтілді. Бұған дейін өңірімізде инфекциялық стационарда 515, провизорлық стационарда 1730 төсек-орындары болса, қазіргі таңда облыстық фтизиопульмонология орталығы базасында қосымша 120 орынға инфекциялық және Шалқия елді мекенінде 30 орындық провизорлық стационар ашу жұмыстары жүзеге асырылған.
Жасанды өкпені желдету аппараты мен оттегінің жетіспеушілігі мәселесі де шешімін табуда. Мәселен, өңірдегі 76 жасанды өкпені желдету аппаратына маусым айында 20 портативті аппараты алынған. Алдағы уақытта тағы да қосымша 63 аппарат келеді деп күтілуде. Қуанарлық жағдай, аталған мәселенің шешімін табуға мүмкіндік туды. Өйткені, облыстық көпбейінді аурухана жанынан оттегі өндіретін цех салу жұмыстары қолға алынбақ.

«DARI.KZ» АҚПАРАТ БЕРЕДІ
Індеттің алдын-алуда дәрі тапшылығы анық сезілді. Тіпті қарапайым тұрғындар дәріхана алдында ұзын-сонар кезекте тұрды. Қажетті дәрі-дәрмекті дер кезінде дәріханалардан таба алмай халық қиналды. Өңірде фармацевтикалық қызметпен 328 дәріхана және дәріханалық пункт айналысса, оның, 178-і қалада орналасқан екен. Дәріхана болғанымен одан қажетті дәрісін таба алмаған тұрғындар сауалына орай тиісті мамандардың жауабын алғанды жөн көрдік.  
– Дәл қазіргі уақыттарда дәрі-дәрмектер дәріханаларға жеткізілді. Рас, соңғы екі аптаның ішінде халық тарапынан ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы антибактериалды,иммуномодуляциялық препараттарға сұраныс артты. Әсіресе, Цефазолин, Цефтриаксон секілді тек дәрігердің рецептісімен берілетін дәрілер тапшылығы сезілді. Осыған орай, тиісті шаралар жасалып, бүгінде мәселе реттелуде. Осы орайда, айта кеткен жөн әр дәрілік заттың шектеулі жарамдылық мерзімі бар. Оған қоса, дәрігердің тағайындаусыз антибиотик, инъекциялық дәрілік заттарды сатып алуға болмайды,  – дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменова.
Ал дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда дәріхана маманы емделушіге дәрілердің аналогтарын ұсынады. Мысалы, «Парацетамол 500 мг таблетка» дәрілік затын «Эффералган», « Панадол» дәрілерімен ауыстыруға болады. Демек, дәл қазіргі сәтте бар мүмкіндік бойынша ем жасауды қарастырған жөн.
Кейбіреулер дәрі таппаса, кейбірі дәріні қымбаттатты. Сондықтан айта кетейік, дәрілік заттардың шекті бағасын «Dari.kz» мобильді қосымшасынан білуге болады. Аталған қосымшада бекітілген бағалар бар және сол бағадан асқан жағдайда шағым жасауға мүмкіндік бар. Сол себептен де дәрі бағасын шектен тыс асырғандарды бақылауға алуға болады.
– Қазіргі таңда 6191 дәрілік заттың атауына бөлшек және көтерме сауда үшін шекті баға бекітілді. Бұл дегеніміз, баға шегі анықталады, одан әрі жоғары бағада сата алмайды. Яғни, дәрінің жарты жыл ішінде бағамы да, сату маусымдылығы да әсер етпейді, – деді сала басшысы.
Бүгінде аталған мәселе бойынша мониторингтік топ құрылған. Олар  күн сайын тұрғындардың сұранысына ие дәрілерді қай дәріханада бар екені жөнінде ақпарат береді.
P.S. Коронавирус  дерті адамзат баласының басына түскен тауқымет. Деніне саулық іздеген қаншама адам дәріхана жағалауда. Дегенмен, қауіпсіздікті де сақтағанымыз абзал. Дерекке сүйенсек, төсек-орын және дәрі тапшылығы мәселесі ретімен шешілуде. Тек артық байбаламға салмай өз-өзімізді күткеніміз дұрыс. Қауіпті індетті жұқтырып алмауға және басқаларға зиян тигізбеу амалын қарастыруға міндеттіміз. Билік індет пен күресу шараларын мықтап қолға алуды міндетіне алса, қарапайым тұрғындардың міндеті карантин режимін сақтау. Ең дұрысы – өзіміз және жақындарымыз үшін үйде қалу. Қауіпсіздік шарасын сақтауды естен шығармайық. Өз денсаулығымыз өз қолымызда.


Айтолқын АЙТЖАНОВА
Суретті түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ
11 шілде 2020 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам