Жылқы етіне құмартушылар көбейді
Жылқы етін жейтін халықтар көп: қырғыз, қалмақ, моңғол, кейбір араб, дағыстан халықтары, башқұрт, якуттер, Америка үндістері, тағы басқалары.
Жылқының еті қой, сиырға қарағанда тез қорытылатын болғандықтан. қазақ оны ертеден ескерген. Жапондар да жейді. Бірақ аз ғана тобы.
1939 жылы француздар Семейден бірнеше поезд құрамасымен жылқы сатып алды. Мұның соңына НКВД зерттеуге шықты. «Не үшін осынша жылқы қажет болды?» деген сауалға жауап іздеді. Сөйтсе Францияда қан қысымы дертіне ұшырағандар қалыпты жағдайдан асып кеткен. Оны емдеу үшін жылқы еті бірден-бір ем екен. Сол жылы асқынған ауру бірден жақсы нәтижесін көрсетіп, қалған жылқыны сал ауруын емдеуге арнады. Арнайы жылқыға отырғызып, күнделікті жаттығу жасады. Мұның да септігі мол болды.
Диетологтардың зерттеуі бойынша ең сіңімді, жеңіл және дәруменге бай бұғы еті екен. Сосын жылқы еті, одан соң сиыр, соңынан қой еті. Жылқы етінде шеміршек аз, арасына май жиналмайды. Жылқы жасы үлкейген сайын етінің майлылығы да арта түседі. Жылқыда май денесінің белгілі бір бөліктерінде жиналады. Олар мойынның жоғарғы жағы(жал,) жетінші қабырғадан он жетінші қабырғаларға (11-қабырғасынан қазы жасайды) дейін, сан етінің сыртқы жағына, арнайы семіртілгендерінде, қарынның айналасына, қартасына жиналады.
Жылқының еті (жая) эритроциттерге бай, сондықтан оның құрамында гемоглобин белогы молынан бар. Және қаны аз, әлсіз адамдарға өте пайдалы. Жылқы еті асқазанға түскен кезден бастап 3 сағаттың ішінде түгелдей қорытылады. Құрамы жағынан сапалы, емдік өсімдік майларына жақын. Бір таңданарлығы, май қышқылдары адам ағзасындағы холестеринді ерітіп, кан тамырларды тазартады.
Халық медицинасында жылқы майы өт жолдарын тазартуға, буын сүйек ауруларын емдегенде қолданып жүр. Жалпы жылқы майының емдіқ қасиеті соңғы кезде медицинада үлкен қызығушылық танытуда. Ал сиыр етіне келетін болсақ, жылқы етіне қарағанда ұзақ қорытылады. Сиыр етінің майында қаныққан май қышқылдары басым. Майы тоңдап тұрады және организмге түскенде қайта холестериннің үлесінің артуына себеп болады. Сиыр етінде гемоглобин, белок, дәрумендер жылқы етіне қарағанда әлдеқайда аз.