Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Волонтерлер орталығының еріктілері онлайн кездесу өткізді

Волонтерлер орталығының еріктілері онлайн кездесу өткізді

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлер орталығының еріктілері Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен онлайн кездесу өткізді.
Онлайн кездесудің мақсаты орталық тәрбиеленушілерін серпілту, карантин уақытында жаз мезгілін тиімді әрі қызықты өткізуге бейімдеу болып табылады.
 Кездесу барысында балаларға облыстық ҚХА волонтерлер орталығының белсендісі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрайымы Алина Новикова түрлі фокустар көрсетіп, бұл бағытта балалардың қызығушылығын арттырды. Қолға зиян келтірмей от жағу, Кім шапшаң? логикалық ойындарын ойнатып, көңілдерін көтерді.
Орталық тәрбиеленушілер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға волонтер орталығының атқарған жұмысы мен мақсат-міндеттері туралы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлер орталығының жетекшісі Гүләйім Мәлік толыққанды мағлұмат берді.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
23 шілде 2020 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 284 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам