Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ауыр ахуалды ауыздықтаудың нәтижелі қадамы

Ауыр ахуалды ауыздықтаудың нәтижелі қадамы

Соңғы кездегі жағдай әрине ойланарлық оқиға болды. Өлім-жітімнің көбеюі көпті алаңдатып қойды. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді.
Бұған дейін де Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында біршама кемшілікті атап, оларды жолға қою жөнінде тиісті орган басшыларына тапсырма берген еді. Қазір жағдай тұрақталып келеді.
–Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады – деп сынға алды Президент. Десекте қашықтан оқыту технологиясына мұғалімдер төселіп қалған да тәжірибе бар. Оны университет ұстаздары да бастан кешірді, алдағы уақытта тағы жалғастыратын болады.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова да COVID-19 инфекциясына қарсы күрес шараларына байланысты өткен брифингте  2407 медицина қызметкеріне қаржылай қолдау мақсатында 4 айда 1 млрд 117,6 млн теңге төленгенін, дәріханаларда 1 айға жетерлік дәрі қоры қалыптасқанын жеткізді. Осындай шұғыл шешімнің арқасында облыс күрделі жағдайды аршып алды. Әлі де коронавируспен күрес күшейтілген режимде жүргізілуде.
Мемлекет басшысының эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңесінде елдегі ахуалды ауыздықтауға байланысты берген тың тапсырмалары көптің күдігін сейілтті.
Абайбек ЖҮНІСОВ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік  университетінің проректоры.
29 шілде 2020 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам