650 құқық бұзушылық дерегі анықталды
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде ағымдағы жылдың шілде айының 24-29 күндері «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының және қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды, түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтары күшейтілді.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілді.
Шара барысында жол ережесін бұзған 650 құқық бұзушыға әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде: көлік құралын мас күйінде басқарудың 17 дерегі,
көлік құралын қарама-қарсы бағытта басқару – 4, көлік құралын құжатсыз басқару –106, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу –24, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару –30, ұялы телефон пайдалану –50, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамаудың - 141 дерегі анықталып, жаяу жүргіншіге жол бермеген 15 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі