Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жедел-жәрдем көліктеріне – тегін жанармай

Жедел-жәрдем көліктеріне – тегін жанармай

«Біз біргеміз!» деп тек тіл ұшында ғана ұрандатпай, ел басына түскен қиын-қыстау кезеңде азаматтық танытып, «Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС облыстағы жедел-жәрдем көліктерін 50 мың литр жанармаймен тегін қамтыды. Пандемия кезінде жұмысы екі есеге ұлғайып, халыққа үздіксіз медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан өңірдегі 27 емдеу мекемесі енді «TS» май құю бекетінен АИ 92 маркалы сұйық отанды тегін қолдануға мүмкіндік алып отыр.
– Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты жедел-жәрдем көліктері күшейтілген режимде жұмыс жасап отыр. Дәрігерлер де адам өмірін сақтап қалу мақсатында барын салуда. Осы орайда серіктестіктің бас директоры Бақтияр Беқожанов бастаған ұжымымыз игі істің өнегесін көрсетіп, қол ұшын созуды құп көрдік, – дейді «Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС коммерциялық директоры Әлімжан Махамбетов.
Серіктестік аталған қайырымдылық шарасына 7,6 млн.теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. Қысылтаяң шақта «Біз біргеміз!» ұранын жай ғана  құйындатпа сөз деп емес, оны іс жүзінде жүзеге асырып отырған осындай қолы ашық жомарт жандардың ел ішінде әлі де бар екені көңілге қуаныш ұялатады. 

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ
31 шілде 2020 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 213 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам