Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Серіктестіктің сүйеуі

Серіктестіктің сүйеуі

Эпидемиялық ахуал күрделенген сәтте жедел жәрдем қызметінің маңызы артқаны белгілі. Коронавируспен күресте алдыңғы шептегі  еңбек еткен құрылымға қызылордалықтардың алғысы ерекше. Осы орайда «Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС тарапынан аймақтағы емдеу нысандарындағы жедел жәрдем көліктеріне тегін жанар-жағармай тарату жұмысы жүргізілуде.
Серіктестің өз есебінен облыстағы ауруханалар мен емдеу нысандарына 50 мың литр АИ-92 маркалы бензин үлестіруді қолға алған. Аймақтағы жедел жәрдем көліктері серіктестік теңгеріміндегі кез келген жанар-жағармай бекетінен тегін сұйық отын алуына мүмкіндік жасалған. Ол үшін қызметтік көлік номері мен жүргізушінің жеке басын анықтайтын құжат болса жеткілікті. 
–Әлемді әбігерге салған індетпен күрес – адамзатқа ортақ міндет. Сол себепті «Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС өз қаржысы есебінен жедел жәрдем көліктеріне тегін АИ-92 маркалы бензин таратуға шешім қабылдады.  Қазіргі таңда аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесе, қызметтік көліктердің номерін нақытылау жұмыстары жүргізілуде. Соған сәйкес, әрекет ететін боламыз. Серіктестік мамандары мен құзырлы мекеме өкілдері заңсыздық орын алмауын қадағалайтын болады, – дейді «Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС-ның коммерциялық директоры Әлімжан Махамбетов.
Қазіргі таңда сұйық отынның аудандар мен Қызылорда қаласына бөлінісі нақтыланған. Нәтижесінде, 50 мың литр бензиннің 20 мың литрі аудандарға таратылса, қалғаны бөлігі Қызылорда қаласындағы жедел жәрдем көліктеріне үлестірілмек.
Аталған көмекке жедел жәрдем қызметкерлері де разы:
–Індеттің асқынуы салдарынан күнделікті шақырту саны артып, жұмыс режиміне өзгеріс енді. Сәйкесінше, қызметтік көліктің тұтынатын сұйық отын көлемі көбейді. Бұрын күніне 40-50 литр бензин пайдалансақ, қазіргі таңда 80-90 литрге дейін өсті. Сондықтан, мұндай көмек айтарлықтай жеңілдік сыйлайды, –деді «Қызылорда облыстық жедел жәрдем стансасы» МКК жүргізушісі Ерлан Әмзе.
Айта кетейік, «Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС – нарықта 20 жылға жуық тәжірибеге ие ірі мекеме. Қазіргі таңда серіктестік облыс аумағындағы бюджеттік мекемелердің 70 процентін сұйық отынмен қамтамасыз етуде. Мекеменің аймақта 20 май құю бекеті орналасқан.
Ерсін БАЛТАБЕКҰЛЫ
20 шілде 2020 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам