Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аялдама – күннен сая, ойға оя

Аялдама – күннен сая, ойға оя

– Анашым, Абылай хан деген кім?
– Балам, ол үш жүздің басын қосқан қазақтың ханы. Бұрынғы қиын-қыстау кезеңде елдің бірлігін сақтап, сыртқы жау­дан қорғаған біздің бабамыз.
Міне, бұл қала орталығындағы аял­дамалардың бірінде болған диалог. Көз алдымда қатталып қалған көрініс көп­ке дейін көңілімде сақталып тұрды. Ел болашағы балдырғандарды тарихи тұлғалармен таныстыратын осындай орын­ның болғаны қандай ғанибет. Ашығын айту керек, қазір әлди айтар әжелер мен шежіре тарқатар қарттар жоқтың қасы. Жә, бұл бөлек әңгіме.
Әлқисса, сонымен қалада билер мен ше­­шендердің, батырлар мен хандардың бей­несі бар аялдамалар алаш баласын тағы­лымға тәрбиелеуде. «Ұлттық тәр­бие – ұлт болашағы», «Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізімінде» осы іспетті көптеген ел мен жер тарихынан хабар беріп, жұртты бірлікке бастайтын сөздер кез келген аялдамада жазулы. Одан қала берді жергілікті ақын-жазушылардың өлеңдері мен сүбелі сөздерінде осыдан табуға болады. Сонымен бірге, Сыр сүлей­лерінің өмірдерегін де аялдамаға аял­дасаңыз толық танысуға мүмкіндік бар. Жәй ғана қоғамдық көлік күтіп отырғанда көзіңізбен бір шолып қарасаңыз болғаны. Бір қажетіңізге жарарлық дүниені са­наңызға тоқып аласыз. Бұл – үлкен мектеп, мол өсиет тақтасы.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі   ав­то­­мобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мәліметіне сүйен­сек, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында қала аумағында 70 дана аялдама орнату жұмыстары жүргізілуде. 52 данасы орна­тылған. «Мемлекеттік сатып алудың»  қоры­тындысы бойынша «Азамат» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жобаның авторы «Ремпроек» ЖШС, техникалық қада­ғалаушысы «Раян и К» мекемесі.
Қала аялдамасындағы ұрандар мен ұлағатты сөздер ішкі саясат бөлімінің тап­сырысы негізінде жазылады. Қазіргідей екінің бірі телефонға түңілген заманда бұл да ұрпақ тәрбиелеудің бір тіні тәрізді. Заман талабына толыққанды жауап бере алатын аялдамалардың көптеп салыну Сыр өңірінің салтанатына сән беріп тұрған сыңайлы. Арнаулы сызба негізінде әрбір қоғамдық көліктің шығу барысы мен жету нүктесін және арақашықтығын аялдамадан көре аласыз. Бір мезетте он шақты адам сияды. Қоғамдық көлікке жиі мінетін қарапайым қала тұрғындары жолаушылар қауіпсіздігі үшін аялдамаларда бейнекамералардың көптеп орнатылғанын қалайды.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
Суретті түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ
11 тамыз 2020 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам