Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мәжіліс депутаттары қаламыздағы ХҚО-ның жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары қаламыздағы ХҚО-ның жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұмаділдаева Наталья Васильевна және заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы жұмыс сапарымен Қызылордада болып,"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалға қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығыныңтұрғындарға қызмет көрсетуі мен атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
Халық қалаулылары Қызылорда облысындағы жұмыс сапарында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен карантиндік талаптардың орындалуымен танысу мақсатында қаламыздағы№1Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің жұмысымен танысты.
Депутаттық аралау барысында бөлімдегі қызмет көрсету барысы кеңінен таныстырылып, №1 бөлімде цифрлы қызмет алудың артықшылықтарын кеңінен насихаттау туралы мәселелер айтылды.
Мәжіліс депутаттары халыққа қызмет көрсету бойынша орталықтар кедергісіз жұмыс жасап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқандығына көз жеткізіп, өздерінің оң бағасын берді.
Айта кетейік, сапар барысында халық арасында түйіткілді мәселелерді анықтап, Үкіметке жеткізу және шешу жолдарын енгізу көзделген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
13 тамыз 2020 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам