Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жайымды айтсам жасырмай

Жайымды айтсам жасырмай


Вирустың аяғы басылғанымен, одан келер қауіп әлі сейіле қойған жоқ. Сондықтан барынша қорғанып, сақтықта болу керек-ақ. Науқастар саны артқан тұста облыстық, қалалық көпбейінді ауруханалар провизорлық стационарға айналған еді. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты енді бұрынғыдай жұмыс істеуді бастады.

ҚАЛЫПҚА КӨШКЕН ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА
Маусым айы індеттің нағыз өршіген шағы болды. Вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп, алдын ала дайындалған қосымша провизорлық стационарлар ашуға тура келді. Бұл ретте бірінші кезекте көпбейінді ауруханалар науқастарды қабылдап, көмек көрсеткен. Сол тұстағы дерттің дүрбелеңі, ел басындағы қиындық жадыдан өше қойған жоқ. Әйтеуір, вирустың беті қайтып, жағдайдың тұрақталғанына тәубе дейміз.
Иә, маусымның 19-нан бастап көпбейінді қалалық аурухана халыққа провизорлық стационар қызметін көрсетті. Солай 3 тамызға дейін жалғасты. Қаладағы ахуал тұрақталған тұс бұл. Короновирус инфекциясымен ауырған соңғы 30 науқас сауығып, отбасына оралған. Одан соң бір апта көлемінде ауру¬ханаға тазалау, дизенфекциялау жұмыстары жүргізілді. Науқастарды қайта қабылдауға толық санитарлық тазалаудан өтті.
Өткен аптаның басында емдеу орны толықтай бұрынғы жұмыс кестесіне ауысты. Бірнеше ай бойы үй көрмей, тізе бүкпей дертпен күрескен медицина қызметкерлері қалыпты күндеріне қайта оралды. Ә, дегеннен 80 науқас жедел қабылдау бөліміне түсіп, 30-ы ауруханада ем алуға жатқызылған. Кардиология, терапия, гинекология, травма¬тология, хирургия бөліміне қабылданған науқастарға ота жасалған. Алғашқы қалыпты жұмыс күні осылай басталған. Ал, 11 та¬мыздан бастап жолдама арқылы жоспарлы ем алатын науқастарды қабылдады. Бұл күнделікті жүзеге асырылады. Аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күн¬дері аурухана науқастарға шұғыл көмек көрсетеді.

ЖҮКТЕМЕСІ АЗАЙҒАН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Бас ауырып, балтыр сыздап, маза кетсе алдымен осы ұжымның көмегіне жүгіне¬тініміз рас. Қалыпты күні күніне 1500-1600 қоңырауды қабылдайтын мекеменің жүгі жаздың алғашқы айында екі есеге артты. Төмендегі тұрғындардан түскен қоңырауда есеп жоқ. Диспетчерлер сәт сайын шақырту қабылдап, әр бригаданы науқастың үйіне бағыттауда. Төмендегі дабыл қаққыштың үні де бір сәт тыншымады. Осы қалыптағы көрініс бірнеше аптаға созылған. Дерт дендеген тұстағы жағдай осылай болды. Мамандар сол аралықтағы шақыртудың екі есеге артқанын айтқан.
Қазір бәрі саябырсыды. Бұрынғыдай емес шақырту да бәсеңдеген. Кезекшілікке түскен бригадалық топ тыным таппайтын еді. Бүгінде сәл-пәл аялдауына мүмкіндік бар. Сол маусым-шілде айындағы диспетчерлік бөлімге түскен қоңырау мен қазіргі жағ-дайды салыстыра келе мамандар мұның 56,8 процентке азайғанын айтады. Әсіресе, тыныс алуы қиындаған науқастардан түсетін шақырту 6 есеге төмендепті. Санға шаққанда осы дертпен күніге 1000-нан астам адам тіркелсе, бүгінгі күні 150-170 шақырту түседі екен. Жалпы алғанда өткен айлардағы көрсеткіш екі есеге төмендеген.

АЙМАҚТАҒЫ АХУАЛ
Облыстық денсаулық сақтау басқарма¬сының баспасөз қызметінің мәліметінше, осы кезге дейін аймақта 3199 адам қатерлі инфекцияны жұқтырған. Қала бойынша – 1920 науқас тіркелген. Ал, тәжді тажалды жеңіп шыққан – 2556 адам, яғни облыста осы індетпен ауырғандардың 80 проценті.
Көрсеткіш көз қуантқанымен, вирус күшіне мінгенде тосылып қалған тұстар бар. Талай тарлан табан астында тажалдан көз жұмды. Бар-жоғы 2-3 аптаның көлемінде іргеден соққан індеттің есеңгіретіп тастағаны әлі ұмытыла қойған жоқ. Сол себепті мамандар сақтық шарасын қатаң сақтауды ескертумен келеді. Бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қауіпті кеселмен күрес жүргізуді тоқтатқан жоқ.
Аптаның сәрсенбісінде 689 сынама зерт¬ханаға жіберіліп, 4 тұрғынның короновирус жұқтырғаны анықталған. Оның 3-еуі қаладан, 1-еуі Шиелі ауданынан. Қазір ауруханада 47 науқас ем алып жатқан көрінеді. Сонымен қатар 195 науқас аурудан айығып шыққан. Ал, 192 адам провизорлық бақылауға алынған.
Сырт көзге саябырсығандай көрінгенмен, індет әлі де тоқтай қоймапты. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал осындай.

А.СЕЙІЛ
15 тамыз 2020 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам