Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Емдеу нысандары жұмысына кірісті

Емдеу нысандары жұмысына кірісті


Қазіргі таңда елімізде қауіпті індетпен сыр­қаттану жағдайы тұрақтанғаны байқалады. Бүгінде қиын кезең артта қалды. Иә, халқымыз өте ауыр сыннан өтті. Дегенмен, әлі де немқұрайлылық танытуға болмайды.Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы үш аптаның ішінде санитарлық талаптардың күшейтілуінің нәтижесінде барлық өңірде халықтың аурушаңдығы айтарлықтай төмендеген. Ел бойынша орташа алғанда аурудың тәуліктік өсімі 2 есеге азайған. Осыған орай инфекциялық және провизорлық төсек-орындар жүкте­месі азайып отыр.
Аймақтағы ахуал да көңіл көншітерлік. Халық арасында дүр­белең басылған секіл­ді. Бүгінде эпидемилогиялық жағдайға бай­ланысты ашылған 360 төсек орынға арналған провизорлық стационар, 60 төсек орынға арналған облыстық тері-венерология диспансері мен 40 төсек орынға арналған Қызылорда теміржол ауруханасының прови­зорлық стационары өз жұмысын токтатты. Ал емдеу орындары жоспарлы жұмысын бастады.
– Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету деңгейінде уақытша тоқта­тылған скринингтік, профилактикалық тек­серулер, жоспарлы стоматологиялық және оқушылардың денсаулығын қорғау қыз­меттері, реабилитация, денсаулық мек­тептерінің жұмысы мен психологиялық көмек көрсету қызметтері өз жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ облыстық фти­зио­пульмонология орталығының 120 төсек орынға арналған инфекциялық стацио­нары жабылып, 100 орынға арналған про­визорлық стационар болып қайта жаб­дықталады. Бұған қоса, 10 тамыздан бастап көпбейінді қалалық аурухананың 210 орын­ға арналған провизорлық стационары да жабылып, залалсыздандыру жұмыстары жүр­гізілгеннен кейін шұғыл және жоспарлы ем­деу жұмыстарына кірісетін болады, – деді об­лыстың бас дәрігері Сәбит Пазылов.
Өңірде қауіпті індеттің тұрақталуына байланысты облыстық көпбейінді ауру­ханасы жоспарлы түрде ем қабылдауды бастады. Пандемия кезінде төрт ай бойы аталған қызмет тоқтатылған еді. Бүгінде ауруханада жедел түрде түскен 370 науқас емделуде. Одан бөлек, 525 төсек қоры дайын тұр. Жоспарлы түрде емделуге келген науқастарға шектеу болмайды.
– Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақ­тауына байланысты науқастарды қабылдауды бастадық. Алғашқы күні 12 науқас келіп түсті. Оның ішінде төртеуі көз бөліміне, біреуі хирургия, екі науқас жалпы терапия бөлімдеріне жатқызылды. Осы уақытқа дейін барлық емханамен тығыз байланыс жасалды. Емделушілерге нейрохирург, кар­дио­хирург, жалпы барлық дәрігер онлайн түрде кеңес беріп отырды. Емханаларда диспансерлік есепте тұратын сырқаттармен де Whatsapp, Skуpe арқылы сөйлесіп, кеңес бердік. Қазір барлық науқасты қабылдауға толық мүмкіндігіміз бар, – дейді облыстық көпбейінді ауруханасы директорының хи­рур­гиялық қызмет жөніндегі орынбасары Алмас Әбілпатта.
Халық ауру­ханада қажетті ем-шараларын алғанды жөн санайды. Жоспарлы түрде науқастарды қабылдау басталғаны жөнінде естіген тұр­ғындар ауруханаға жолдама ала бастаған. 

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
08 тамыз 2020 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам