Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды

Ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды

Мал ұрлығы мәселесі  қашан да өзекті.  Қырағылық танытпаған жұрт малдарынан айырылуда. Арқаны кеңге салған кейбір тұрғындар ірі қарасын қараусыз жайылымға жіберіп, ол өз кезегінде малдың кедергісіз ұрлануына жағдай туғызады.        
          Өз кезегінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған полицейлер мал ұрлығы қылмысын болдырмау, алдын алу жолында  жедел-қыз­мет­тік жұмысының тиім­ді­­лігін арттыруда.
Мәселен, қызылордалық полицейлердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде тәулік ішінде облыс тұрғынына ұрланған 4 бас жылқысы қайтарылды.        
12 тамыз күні Қазалы ауданының 46 жастағы тұрғыны жайылымда жүрген  4 бас жылқысының ұрланғандығы туралы  полицияға арыз берді.
Дереу іздеу жұмыстарына кіріскен полицейлер барымташыны көп ұзатпай қолға түсірді. Жылқыларды өрістен ұрлап әкеткен барымташы кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта ұсталған күдікті азаматқа қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау)   сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
«Бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағында кең етек алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі облыс  бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға яғни 230-дан 144-ке төмендеді. Мал ұрлығымен айналысқан жалпы 67 адамнан, оның ішінде 13 қылмыстық топ құрықталып, сол топтармен жасалған 43 эпизод құрайтын қылмыстары әшкереленді» дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалхаров. 
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
17 тамыз 2020 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам