Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтар марапат биігінен көрінді.
          Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев елмен етене жүріп, мұқтаж жандарға көмек қолын созған дархан пейіл, кең жүректі жерлестерімізді «Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттады.
          Шаһар басшысы жомарт жандар қаламыздың көркеюіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып қана қоймай, қашаннан қайырымдылық шаралардың басынан әрдайым табылып келе жатқандығын айтып, қайырымдылық істерге  қолдау білдірген жандарға алғысын білдірді.
          Биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған игілікті іс-шара                              Тұңғыш Президентіміз  - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған.
          «Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша табысталды. Байқаудың «ТУҒАН ӨЛКЕ» аталымы «Сәт-Сервис» ЖШС директоры Роза Имановаға бұйырды. Роза Сәдібекқызы туған жерімізді түлетуге айрықша үлес қосып, қаламыздағы 10 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен бірге қайырымдылық шараларына белсене қатысып, демеушілік көрсетіп келеді.
          «Біз көмекті мақтаныш не марапат үшін жасамадық. Ниетіміз кейінгі ұрпаққа үлгі көрсету», - дейді Роза Иманова.
          Ал байқау бойынша «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясы жыл көлемінде қаламыздың әлеуметтік саласына тұрақты түрде қолдау  көрсеткен Қанат Боранбаевқа табысталды. Қанат Жомартұлы карантин уақытында да қайырлы ісін жалғастырып, қалалық аурухана қызметкерлерін «Қызылорда қонақ үйіне» тегін орналастырып, қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етті.
          «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» аталымында  індет уақытында тұрғындарға                    15 мыңға жуық тегін бетперде таратқан «DALATEX» ЖШС директоры Ділмұхамед Абизов жеңімпаз деп танылса, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» «Ел-Арай» қоғамдық қоры атанды. Қоғамдық қор жыл сайын 1000 отбасын азық-түлікпен, 2000 отбасын киім-кешекпен, 100 отбасын көмірмен қамтамасыз етіп келеді. «Делюкс» компаниясымен бірігіп, 10 мың дана маска, «Шұғыла» қоғамдық қорымен бірлесіп аймағымыздағы ауруханаларға 200  оттегі концентраторын  алып берген.
Байқаудың «ЕРЕН ЕРІКТІЛІК» номинациясы қоғам белсендісі Динара Эшатоваға марапатталды. Қоғамдық кеңес мүшесі, қоғам белсендісі, Динара Мамадиярқызы спорт саласындағы волонтер-үйлестіруші. Ол елімізде орын алған эпид-ахуалға байланысты өз кезегінде волонтерлармен бірлесе отырып, қала кәсіпкерлерімен ұсынылған 3000-нан аса бетперделерді таратты. Ерікті сонымен бірге әлеуметтік дүкендер мен дәріханаларда сатылымдағы тауарлардың шектік бағадан аспауын қадағалау мақсатында мониторингтік топ құрамында белсенділік танытып, ерекше көзге түсті.  
18 тамыз 2020 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам