ҚАРМАҚШЫДА "ЖОМАРТ ЖҮРЕК" ИЕЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қармақшы ауданында осындай жанашыр азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі С.Мақашов қатысып, жеңімпаздарға аудан халқының атынан алғысын білдірді. Арнайы құрылған сараптамалық комиссия шешімімен еселі еңбектері үшін «Туған өлке» номинациясымен «Ақтөбе и К» ЖШС директоры Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы, «Жыл меценаты» номинациясымен «Тұрмағамбет» ЖШС директоры Пірмантаев Нұржан Айдарбекұлы, «Жыл тұлғасы» номинациясымен жеке кәсіпкер Қаржаубаев Алмасбек Жұбанұлы, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы «Қармақшы Ата» мешітінің бас имамы Жарқынбеков Асхат Батырханұлы, «Ерен еріктілік» номинациясымен волонтерлік қызметтерге белсене қатысқаны үшін Өтепова Пернеш Әбіләкімқызы марапатталды.
Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы аймақ дамуына өз үлесін қосып, белсенділік танытқан. Шара барысында жанашыр азаматтар ел дамуына еңбек ететінін айтып, жастарды туған өлкені көркейтуге шақырды.