ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ

– Халқымыздың ұлы мерекесi – Тәуелсiздiк күнi құтты болсын! Бiздiң терең тарихымыз шежiрелi күндерге толы. Сол күндердiң барлығы бiр-ақ арнаға тоғысады, ол – азаттық, еркiндiк, тәуелсiздiк. Тәуелсiздiк мерекесi мен Тұңғыш Президент күнiнiң бiр айда қатар келуi де – үйлесiмдi құбылыс. Тәуелсiздiк пен Елбасы – егiз ұғым. Осы екi ұғым қатар тұрғанда, бiз бiртұтас елiмiздiң тарихи бейнесiн көремiз – дей келе, ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын», облыс, аудан әкімдерінің «алғыс хатын» табыстады. Сондай ақ, шарада бірнеше мемлекеттік қызметшілер "ант" қабылдады. Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарласына ұласты.