Көпқабатты үйдің қабырғасына Абайдың бейнесі салынуда
Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақтың ұлы ақыны Абайдың айшықты бейнесі салынып жатыр.
Алып сурет Абай даңғылы мен Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы №17 үйде салынуда.
Айта кету керек, елімізде 10 тамыз Үкімет қаулысымен Абай күні болып белгіленген болатын.
Ұлттық руханияттың үлкен қуанышына айналған мерекеге орай граффитиді қала тұрғындарына сый ретінде «Энерго Ойл» ЖШС демеушілік есебінен тарту етуде.