Екі күнде 300 -ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Ағымдағы жылдың тамыз айының 25-27 күндері аралығында «Конституция» күнінің қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшірілді.
«Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасына 247 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 73 сарбазы және 76 автокөлік жұмылдырылды. Тіркелген қылмыстар саны – 14, тәулікте ашылған қылмыстар саны – 11, бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылды.
Полицейлермен жүргізілген іс-шараның екікүнінде 300 – ден астамәкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша -21, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 13 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді; тыныштықты бұзу -18, кәмелетке толмаған заңды өкілсіз түнгі уақытта жүру - 18, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 86 жүргізушіге, автокөлікті масаң күйінде басқару- 6, қарама – қарсы бағытқа шығу -1, отбастық –түрмыстық қатынастар -14.
21 азамат уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді. Сонымен қатар, қаруды заңсыз сақтаудың 11 дерегі тіркелді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі