1800 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен облыс көлемінде
«Құқықтық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып, жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.
Департаменттің 500-ге жуық қызметкерлері шараға жұмылдырылып, олармен барлығы 1 мың 763 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 48 дерек, 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 5 дерек, 200-бап (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша 8 дерек, 434-бабы(Ұсақ бұзақылық) бойынша 94 дерек, 440-бабы(Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 161 дерек, 442-бабы(Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 94 дерек, 482-бабы(Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша 3 дерек, 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша 529 дерегі, 591-бап (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 162 дерегі, 592-бабы (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша 196 дерек, 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 403 дерек, 596-бабы 3-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 10 дерегі, 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 29 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, есірткі тасымалдудың 2 дерегі, атыс қару тасымалдаудың 5 дерегі және суық қару тасымалдаудың 14 дерегі анықталды.
Әкімшілік аймақтағы тұрғындар арасында өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, 1 мың 538 пәтер, 2 мың 677 жеке үйлер мен 123 саяжайлар тексерумен қамтылды. Тәртіп сақшыларымен жүргізіліп жатқан бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жалғасуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі