КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Төралқа Төрағасы бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін Тәуелсіз Қазақстан үшін жасаған ерен еңбегін атап өтті. Төраға Президенттің экономиканы дамыту мен кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөліп, еліміз қол жеткізген жетістіктер Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі екендігін айтты.
«Достық пен татулықты сақтап, мүмкіндіктерімізді көбейтудің арқасында рухани, мәдини, экономикалық дамуға қол жеткіздік. Елбасының марапаты әріптестеріңізбен бірлескен жұмыстың нәтижесі, яғни барша Қазақстанның еңбегі. Сіздер еліміздің, Тәуелсіз Қазақстанның негізін құраушысыздар», – деді Тимур Құлыбаев.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлесін қосқан қызметкерлер марапатталды.
«Құрмет» орденімен Алматы қаласының «Ансаған Петролеум» АҚ Бас директоры Әлфараби Мәдижан, «Аяла» Жекеменшік қайырымдылық қоры президенті Айдан Сүлейменова, «Рауан» Білім орталығының құрылтайшысы Райхангүл Сатабаева, «Қазақстан өндірістік құрылыс материалдар қауымдастығы» ЗТБ (Заңды тұлғалар бірлестігі) президенті Марал Томпиев, «Основание» ЖШС директоры Сергей Тимофеев марапатталды.
Сонымен қатар, «Құрмет» орденімен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, «Парасат» орденімен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишимов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ және ЖК директоры Хадиша Әлжанова, «Азия Авто» АҚ президенті Ерік Сағымбаев, Талдықорған қаласы кәсіпкерлер кеңесі төрағасы Баниямин Файзулин, «Қазмұнай Газ Өнімдері» ЖШС басқарушы директоры Төлеміс Шотанов марапатталды.
Тимур Құлыбаев «Ісіне адалдығы үшін II дәрежелі» медальдін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановқа және ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Нұржан Әлтаевқа табыстады. «Ісіне адалдығы үшін III дәрежелі» медальдін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүрсіновамарапатталды.
«Атамекеннің» алғашқы сәтті жобалары да ортақ еңбектің жемісі. Жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді», – деп құттықтау сөзін айтты Төралқа Төрағасы.
Құрмет грамотасымен «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС бас директоры Мырзабай Бекназаров, «Провизор» ЖШС директоры Федор Зверев, «Заман и К» ЖШС директорыХажеден Измаилов марапатталды. «Бастау Бизнес» жобасының жаттықтырушылары Азамат Маханалин және Қуанышбек Ерниязовқа алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңында Тимур Құлыбаев марапатталған қызметкерлерге жаңа шыңдарды бағындыруда осы қарқыннан таймай, мықты денсаулық және отбасынба бақ пен береке тіледі.