Онлайн оқу - уақытша құбылыс

Әлемді шарпыған індеттің салдары барлық салаға өзгеріс әкелді. Білім ордасын қаңыратып, ұстаздар мен оқушыларсыз қалдырды. Бірақ оқу процесі өзінің талаптары мен жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Ұрпағымыздың білім бәсекесінде алдыңғы қатардан көрінуі үшін барымызды салып жатырмыз. Оған мемлекет тарапынан да оңтайлы шешімдер және қолдаудың болғандығы қуантады. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім күнінде Қазақстан халқына жолдау жариялады. Жолдауда білім саласындағы өзгерістер туралы және ұстаздардың жалақысының көбейетіндігі жөнінде айтты. Мұғалімдер мен ата-ананы және оқушыларды ерекше қуантқаны арнайы платформаның іске қосылатындығы. Енді ватсап арқылы емес, ыңғайлы платформада оқитындығымыз төбемізді көкке жеткізгендей.
–Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді – деді Президент.
Еңбегіміздің еленгеніне дән ризамын!
Айгүл ОРЫНБАЕВА,
І.Қабылов атындағы №12 ІТ мекеп-лицейінің мұғалімі