Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қырағы полицейлерге тұрғындар алғысы ерекше

Қырағы полицейлерге тұрғындар алғысы ерекше

Қылмыстың алдын алу мен болдырмау, тұрғындардың талап-тілегін орындау бағытында Сырдария ауданында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, қылмыстарды тез ашу және күдіктіні құрықтау ісінде нәтижелі еңбек етіп келеді. Сәйкесінше қырағы құқық қорғаушыларға деген тұрғындар алғысы ерекше екенін де атап өтуіміз керек.
      2020 жылғы 1 шілде тұрғын А.Кенджебаева үшін сынаққа толы болды. Ол сол күні ұрылардың кесірінен қорасындағы малынан айырылып қалды. Материалдық шығынға тап болған ол тәртіп сақшыларына арыздану жөнінде шешім қабылдайды. Осылайша, аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріседі.
      Нәтижесінде ұры тез құрықталып, одан жауап алынып, қамаққа алынды. Осы ретте қылмысты ашуда қырағылық танытқан құқық қорғаушыларға азаматша К.Кенджебаева ерекше алғыс білдіреді.
      «Қорадағы малым ұрланады деп еш ойламаппын. Арызданғаным дұрыс болды. Тәртіп сақшылары тез қимылдап, ұрыны дереу анықтады. Тәртіп сақшыларына айтар алғысым шексіз. Қиын да күрделі жұмыстарына жеміс тілеймін» – дейді ол.
      Жалпы, полиция – қоғамдық тәртіптің сақшысы, ел қорғаны. Тұрғындар қиналғанда құқық қорғаушылардың көмегіне сүйенеді. Ал, Сырдария аудандық полиция бөлімінде қызмет атқаратын өз ісінің майталман мамандары елге қорған болып, өз міндеттерін абыроймен атқаруда деп толық айта аламыз. Бұл сөзімізге жоғарыдағы тұрғындардың алғысы мен ризашылығы дәлел бола алады.
     
           Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
03 қыркүйек 2020 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 532 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам