Қызылордада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты: әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау, көші-қондылыққа бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық түрде арттырып, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктер беру керек».
Президент учаскелік инспектордың халықпен тығыз кері байланыс орнатуының маңыздылығына назар аударды. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша облыс көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын профилактикалық жұмыстар оң нәтижесін береді деп есептейміз»- деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бекторе Жеңісбайұлы.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі