Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «СТУДЕНТ» АТТЫ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«СТУДЕНТ» АТТЫ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

    Жаңа оқу жылы басталуына орай, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, колледж және орта мектептердің қабырғаларында кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау, кәмелетке толмағандар арасындағы  қоғамда  теріс  пікір тудыратын  түрлі заңға қайшы әрекеттерге дер кезінде тосқауыл қою мақсатында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 20-мен 22-күндері аралығында облыс көлемінде «Студент» атты жедел профилактикалық  іс-шарасы  өткізіледі.               
Іс-шара барысында облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу, болдырмау, өзімен бірге суық қаруларды алып жүретін студенттер мен оқушыларды, кәмелетке толмағандарға теріс тәрбие беретін ата-аналар мен ересектерді анықтау, сонымен қатар қоғам назарынан тыс қалған қолайсыз отбасыларды анықтап, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қою, кәмелетке толмаған балаларына қатыгездік көрсететін, олардың тәрбиесімен айналыспайтын отбасыларды анықтау  бағытында жұмыстар атқарылатын болады.  
                                                                                                       
                                                      Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2018 ж. 1 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам