Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жоғалған 6 жасар бала табылды

Қызылордада жоғалған 6 жасар бала табылды

01 қыркүйекте облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны Қызылорда қалалық ПБ кезекші бөліміне жоғалып кеткен 6 жасар ұлын табуға көмек сұрап келді. Оның айтуынша, сол күні сағат 17.30-да үйден аулаға ойнауға шығып, қайтып оралмаған.
Оқиға орнына шұғыл түрде ювеналды полиция қызметкерлері келіп, дереу іздестіру іс-шараларына кірісті.
Жедел іздестіру тобы баланың туыстарымен бірге барлық жерлерді аралап шықты. Туыстарының және таныстарының үйлерін, көшелерді, көп қабатты үйлердің жер төлелерін, қараусыз қалған үйлерді тексерді.
Ювеналды полиция инспекторы аға лейтенант Серік Қалиевтың жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кешкі сағат 21.00-де бала көрші пәтерден танысының үйінен табылды. 
Дені сау ата -анасына аман-есен тапсырылды. Ата-аналар аға лейтенант Серік Қалиевке адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, оның қиын қызметін атап өтті. Полицейлер ата-анасымен және кәмелетке толмаған баламен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
03 қыркүйек 2020 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 209 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам