Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қайырымды қоғамға тағы бір қадам

Қайырымды қоғамға тағы бір қадам

Мейірім мен қайырымдылық –  қоғамды ізгілікке бастайтын игі қасиет. Мұқтажға жәрдемдесіп, көмекке зәру жанға жақсылық жасау да өркениетті адамның өнегелі тірлігі саналады.
Оған қоса, әлемдік індет пен әлеуметтік мәселе мезі қылған заманда жақыныңа ғана емес, жатқа да жылу сыйлау – ерліктің белгісі. Сондықтан, қолдан келгенше көмек көрсетіп, жарқын сәттің куәсі болу әр адамға ортақ міндет екені сөзсіз.
Міне, 5 қыркүйек  халықаралық қайырымдылық күнінің мән-маңызы мен мақсат-міндеті де осыны меңзейді. Биылғы қайырымдылық күнінде қаладағы әлеуметтік қызметкерлер жылдағы дәстүрден танбай, көмекке мұқтаж қарттарға қолғабыс етіп, жақсылықтың жаршысы болды.

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен өт­кен «Қарттарымыз – қазынамыз» атты қайырымдылық шарасы шаһардағы кө­мекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға жәрдемдесуге қам жасауда. Белгіленген жоспарға сәйкес, әлеуметтік қызметкерлер қарт­тардың үй жайындағы қажеттілігін орындауға жәрдемдесіп, мұқтаж жан­дар­дың алғаусыз алғысын алды.
– Қазіргі таңда қала бойынша есепте  тұрған  150 жалғыз басты қарт пен мүмкіндігі шектеулі азамат бар. 5 қыркүйек халықаралық қайырымдылық күні қарсаңында көмекке мұқтаж  жал­ғызбасты жандарға қолғабыс жасап, тұрмыстық жағдайдағы шаруашылыққа көмек көрсетілді. №1 қалалық емхана және бейімдеу орталығындағы маман­дары және әлеуметтік қызметкерлер үй жинау, аула сыпыру, тазалау, тәтті тағамдар пісіріп, қарттарға қарайласты. Бұл  маусымдық жұмыс емес. Жоспар бойынша қайырымдылық шарасы кезең-кезеңімен жүзеге асып, жыл бойына жалғасатын болады, – деді қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова.
Игі іске әлеуметтік сала қызмет­керлерімен қатар, «Бақытты отбасы» отбасы институтын қолдау орталығының қызметкерлері де белсенділік танытты. Басты құндылық – қоғам тұтастығы, отбасы беріктігі екенін жете түсінген мамандар қайырымдылық шарасына ерекше ықыласты екенін жеткізді.
Сондай-ақ, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету бөлімшесі де біршама жобаның жүзеге асуына ұйытқы болуда. Бүгінде Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңы мен денсаулық сақтау министрлігінің «үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына сәйкес, әлеуметтік қызмет ұйымдастырып келеді. Бөлімше қаладағы 148 жалғыз басты және мұқтаж қарттарды күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Оның ішінде 40-ы мүмкіндігі шектеулі болса, 108-і жасына байланысты зейнетке шыққандар.
Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі адамгершілік қарым-қатынасты білдіреді. Сондықтан, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі өткізген шара ізгі қоғамның бастауын, келер ұрпақтың бағытын айқындады десек, артық емес. Тек жөн іс жалғасын тапса игі.

Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ
08 қыркүйек 2020 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 427 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам