Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Корейлік вундеркинд

Корейлік вундеркинд

Құдайдың құдыреті-ай. Таң қалмасқа бола ма? Әлемде 3 айлығында жүріп, 4 айында сөйлеген сәби бар екен.  Бұл туралы естіп пе едіңіз?
          1962 жылдың наурыз айында корейлік Ун Ён отбасында Ким есімді сәби дүниеге келеді. Қарапайым отбасы ол кезде тағдырдың қандай тосын сый жібергенін білмеген-ді. Ал, кішкентай Кимнің туғанына 3 ай толғанда ол өздігінен жүре бастап, 4 айында анық сөйлеген. Мұны байқағандар баланы ерекше талантты бала деп баға береді. Ата-анасы болса оның танымал болуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасайды. Осылайша сәби Кимнің аты белгілі бола бастайды. Небәрі 3-4 айдың ішінде Ким өздігінен жазу сызуды үйренеді. Тіпті, 3 жасында шығарған өлеңдері сұранысқа ие болып, кітабы жарыққа шығады. Ал, 4 жасында мектеп табалдырығын аттаған оны, 4 жылдан соң Америка құрама штатына оқуға шақырады.
          Ким үшін өміріндегі ең ауыр күндер осы сәттен басталыпты. Құрама штатқа келген соң ол ғылыммен айналысады. Оған күн сайын физикалық теңдеулерді шешу, жаңа тапсырмаларды орындау міндеттеледі. Осындай қарқынмен ол 10 жыл ғылым жолында жүреді. 15 жасында ғылыми дәрежеге ие болады. Десе де, бұл жетістігі оны шынайы өмірден алшақтатқан еді. Ол 18-ге толған шағында еліне қайтуға бел буады. Балалық шақтан айырған күндерін қайтару үшін осындай шешімге келеді.
          Әлемге танымал аты, ғылыми атақ дәрежесі болса да Кимнің мектеп бітіргені туралы ешбір құжаты болмаған. Сондықтан оған мектеп партасына қайта отырып, басқа түлектер сияқты емтихан тапсыруға тура келеді. Қызығы сол ол бұл сынақтан әуелде өте алмайды. Тек қайта тапсырғаннан соң ғана қажетті құжатқа ие болады. Бұдан соң Корей еліндегі  жоғарғы оқу орнына құжат тапсырып, өзге қатарластары сияқты студент атанады. Бірақ, көпшілік ойлағандай ғылым саласын емес, құрылысшы мамандығын таңдайды. Вундеркинд бала тек студенттік жылдарында ғана оқудың күшін толық сезінеді. Университетте 5 жыл оқып, тиісті сынақтарды тапсырып маман атанады және өзін шын бақытты сезінеді.
          Бүгінде ол Корей еліндегі танымал құрылысшы, бірнеше ғылыми кітаптың авторы. Кезінде өзін танымал еткен БАҚ өкілдері Ким ендігі саясатпен айналысады деп күткен. Алайда ол мұндай ұсыныстан бас тартқан. Тек сонау бала кезінде Америкада жалғыздан-жалғыз өмір сүрген күндері үшін өкінгені болмаса,  бақытты да баянды өмір сүруде.
Дайындаған А.СЕЙІЛ
08 қыркүйек 2020 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 427 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам