Мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады
8 қыркүйек күні полицияға Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылының тұрғыны жайылымнан 2 бас сиыры ұрланғандығы жөнінде арыз берді. Жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні анықтады.
Күдікті 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі