Полицейлер «Баланы мектепке жина» қайырымдылық акциясына қатысты
Жыл сайын 1 қыркүйек қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады.
Осы жылы да аудандық полиция бөлімдері өз үлестерін қосып, облыс тұрғындарына көмек көрсетуде. 9 қыркүйекте Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Баланы мектепке жина» қайырымдылық акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған отбасыларды қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жеке құрамы Шиелі ауданының 10-нан астам отбасын оқу жылына дайындауға көмек көрсетті. Осылайша, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция инспекторлары аз қамтылған отбасылардағы балаларға үнемі барып тұрады.
Балалардың ата-аналары жеке құрамға және полиция бөлімінің басшылығына көмек бергендігі үшін алғыстарын білдірді. Полицейлер оқушыларға оқу құралдарымен бірге портфельдер, азық-түлік апарып беріп, балаларға тек бес деген бағаға оқуға және ата-аналарға, мұғалімдер мен тәлімгерлердің тілін алуға тілек білдірді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі