Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың «Отбасы күні» мерекесімен құттықтауы

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың «Отбасы күні» мерекесімен құттықтауы

Құрметті қызылордалықтар!
Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы бастамасымен елімізде жыл сайын аталып өтетін бұл мейрамның маңызы зор.
Отбасы - ұлт мұрасын ұлықтап, ұрпаққа тағлымды тәрбие беретін, санасына негізгі құндылықтар мен отансүйгіштік, еңбекқорлық, мейірімділік сынды асыл қасиеттерді сіңіретін қоғамның негізгі институтының бірі. Отбасындағы тәрбие ұлт руханиятының алтын қазығы, бала дүниетанымының бастауы. Туыстық қатынасы берік, ауызбіршілігі ажырамаған әрбір отбасы ұлтымыздың ізгі дәстүрлерін лайықты жалғастырып, ұрпақтар сабақтастығын тиімді түрде қалыптастырып келеді.
Отбасы құндылықтары берік сақталғанда мемлекеттің іргесі мығым, болашағы жарқын, ғұмыры мәңгі болады. Біздің мемлекетіміз отбасы беріктігін сақтауды ұдайы назардан тыс қалдырмаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауында айтылған «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы көптеген отбасының перзент сүюіне мүмкіндік жасап, бақыт бастауына айналатыны сөзсіз.
Бүгінгі мерейлі күнде әрбіріңіздің отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, береке-бірлік, баянды бақыт, жанұяларыңызға жақсылық тілеймін! Отбасыларыңыз махаббат пен татулықтың ордасына айналып, ізгілік салтанат құрсын!

Ізгі ниетпен
Қызылорда қаласының
әкімі Н.Нәлібаев

12 қыркүйек 2020 ж. 1 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам