Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығымен құттықтауы
Құрметті жерлестер!Қадірлі қала тұрғындары!
Сіздерді егемен еліміздің басты құжаты, еркіндігіміздің кепілі, тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қабылданғанына ширек ғасырдың жүзі болған Ата заңымыз Отанымыздың құқықтық жүйесін орнықтырып, демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде қалыптасып, болашаққа батыл қадам жасауына арқау болды. Елбасының тарихи бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан Конституциялық реформа мемлекетіміздің іргетасын нықтай отырып, қазақстандық қоғамның одан әрі саяси дамып, ілгері өрлеп, әлемдік қауымдастықтар алдында беделінің нығая түсуіне негіз қалады. Ата заңымыз қабылданған 25 жылдық уақыт бедерінде еліміздің ішкі жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған әлем елдерімен санаса алатындай нарықтық институттар құрылды. Тарихи дамуымыз бен демократиялық құндылықтарымыздың қалыптасуында маңызды рөл атқарған басты құжатымыз азаматтардың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын басты байлығымызға айналдырды.Ең бастысы, жалпыұлттық бағдар болған Ата заңымыз бүкіл жер жүзіне қоғамдағы татулық пен ынтымақты сақтаудың, сан түрлі ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен салт-санасының үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетті.Қадірлі жерлестер!Бекем бірлігіміздің, тату тірлігіміздің, кемел келешегіміздің кепілі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құтты болсын! Баршамыз үшін маңызды мемлекеттік мерекеде елімізге тыныштық, бейбіт өмір, әр отбасыға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, игі бастамаларыңыз бен еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! Еліміздің дамуы мен гүлденуінің негізі, мызғымас тұрақтылықтың бастауы болған – Конституциямыздың мәртебесі мәңгі биік болғай!
Ізгі ниетпен,Қызылорда қаласының әкіміН.НӘЛІБАЕВ