Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алаяққа алданды

Алаяққа алданды

Баласының алаяққа алданғанын айтқан ана полицияның кезекші бөліміне қоңырау шалып, шағым айтқан.
Оқиға күндізгі уақытта орын алған.  Қоғамдық көлікке мінген 18 жастағы жас жігіттің қымбат ұялы телефонын «қоңырау шаламын» деп сұрап алған  танысы телефонын қайтармай, оны алдап соғады.
Бұл дерек Қызылорда қалалық Полиция басқармасына тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының  1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары басталды.
Полицейлер  жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде «ізін суытпай»  жеңіл жолмен пайда тапқысы келген алаяқты қолға түсірді.
Тексеру барысында полицейлермен күдіктінің бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталды.
Күдікті азаматтың жасаған алаяқтық  іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда қалалық сотының қаулысында күдікті кінәлі деп танылған. Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп берген. Сөйтіп, жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасының  ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 12) тармағының негізінде өндірістен тоқтатылған.   
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
17 қыркүйек 2020 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам