Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада қаржы пирамидасын құрып, 57 млн теңгені қолды еткен тұрғын сотталды

Қызылордада қаржы пирамидасын құрып, 57 млн теңгені қолды еткен тұрғын сотталды

  Қызылордада қаржы пирамидасын құру арқылы халықтан 57 млн теңгеден астам қаржыны қолды еткен тұрғын бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Келеңсіз оқиға 2019 жылдың ақпан айында болған. Сол кезде Қызылорда қаласының тұрғыны «WhatsApp» желісінде «Миллион инвест» чаты арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Бұл әрекетін бірнеше рет қайталап, аса ірі мөлшердегі 57 млн теңгеден астам ақшаны қалтаға басқан. Осылайша ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. «Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Онда қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету жағдайы көрсетілген. Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің, олардың біріккен жүйелі жұмыстары өз нәтижесін берді. Күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толық дәлелденді. Нәтижесінде қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде күдікті өзі жасаған қылмыстық іс әрекетін толық мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге өндіруде. Қызылорда қалалық №2 сот шешімімен айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен оған жәбірленушілерге келтірілген шығын заңмен белгіленген тәртіппен өтеу міндеттелді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

30 қаңтар 2020 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам