Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бақытқа ұмтылған қала

Бақытқа ұмтылған қала

Әлеуметтік желіге жүктелген мына сурет  кім-кімді де бей-жай қалдырмаса керек. Әдейілеп түспегені байқалады. Суреттен қарапайымдылық, мейірімділік сезіледі. Жып-жылы сурет. Емделушіні шипажайға шығарып салған мекеме басшысы Индира Сансызбайқызы оны автобусқа мінгізуге өзі демеп жатқаны арбаға таңылған жан үшін рухани күш болғаны сөзсіз.
Ойды ой қозғайды демекші, осы апта қала күні өтпек. Қала әкімдігі мерекелік бағдарламаны «Алаштың анасы, бақыттың қаласы – Қызылорда!» деп атапты. Жаттанды сөз емес, ой салатындай. «Шынында да, бақыттың қаласымыз ба?» деген сауал жылт ете қалады осындайда. Ұлы ойшыл әл-Фараби айтқандай, «тұрғындары біріне-бірі көмектесетін, әрдайым қайырымдылық жасауға ұмтылатын қала ғана бақытты қалаға айналмақ».
Мереке қарсаңында тақырып пен мына суреттің үйлесе кетуі және сұрағымызға жауап болуы қуантты.
Мерекелеріңізбен, бақытқа ұмтылған қала тұрғындары!
22 қыркүйек 2020 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 267 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам