Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Карантиндегі қайырымды қала

Карантиндегі қайырымды қала

Төтенше жағдай талай жанның тіршілігіне тосқауыл болғаны рас. Күн сайын таңертеңмен жұмысқа асығатын миллиондаған адам қазір үйде отыр. Өз бетінше табыс тауып жүргендер тіршілігін тоқтатты. Мұның барлығы елдің табысына әсерін тигізбей қалмағанын түсіндіру де артық болар.
Бетперде киген қоғамның бет-бейнесі көз алдымызда. Біреулер тәртіпке бағынғысы келмейді, енді бірі төтенше жағдай кезінде де төтенше табыс тапқысы келеді. Мектебін сағынған баланың жайы, мектеп бітіретін түлектің қобалжуы, мекеме жағалағандар мен кезек күткендер. Карантин кезіндегі сан түрлі қарбалас тірліктің арасында жүрекке жылы сәттер де аз емес. Ел басына күн туған сындарлы шақта қайырымдылық пен ізгілік айналаны жылылыққа бөлейді екен. Ешқандай есепсіз, қайтарымын күтпейтін, жарнамасыз жасалып жатқан қайырымдылық ізгі қоғамның көрінісі. Сыр өңірінде ізгілік дәнін сеуіп жүрген қайырымды азаматтар қатары аз емес. Төтенше жағдай тұсында кәсіпкер азаматтар «Менің кәсібім не болады?» деп шағым айтпады. Керісінше, қысылтаяң күндерден сырбойылықтардың  қысылмай шығуы үшін өз үлесін қосып, «қарлығаштың қанатымен су сепкендей» елге болсын деп жүрген қайырымды кәсіпкер азаматтар қамқорлығын елге жеткізуді парыз деп түсіндік.
Қысылтаяң күндерде елдің қажеттілігі үшін ғимаратын пайдалануға беруге әзір екенін білдірген сырбойылық кәсіпкерлер қатары аз емес. Атап айтқанда, кәсіпкер азаматтар Қайрат Боранбаев Қызылорда» қонақ үйін, Мұрат Сәрсенбаев әуежай маңындағы ғимаратты уақытша медициналық нысан ретінде пайдалануға беруге әзір екенін, бүгінде «Қызылорда» қонақ үйі медицина қызметкерлерінің игілігіне жарап жатқаны баршаға мәлім. Жақсылық жалғасын тапты. Қызылордалық кәсіпкер Мырзабай Шалғымбаев «Достық» қонақ үйін медицина қызметкерлеріне пайдалануға берді.
Карантиндегі қала тұрғындарына барынша қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге үлес қосқан кәсіпкерлер де аз емес. Мәселен,  «Nur Otan» партиясының «Biz Birgemiz» акциясы аясында қала кәсіпкерлері «Абай Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев 200 отбасыға күріш үлестірсе, кәсіпкер Қанат Смағұлов 50 отбасыға көкөніс өнімін жеткізген. «Сыбаға» ЖШС директоры Лейла Ризванова 200 отбасыға көкөніс өнімін жеткізіп және «Достық» қонақ үйінде орналасқан медицина қызметкерлерін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде. «Най-Мир» ЖШС 100 отбасыға, «Мағжан и К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев 100 отбасыға күріш жеткізген. Ал, «МұнайТехСервизОрда» ЖШС директоры, кәсіпкер Дәулет Қайсариев көпбалалы 200 отбасыға азық-түлік үлестірді.
 Елбасы Н.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында кәсіпкерлерге арнап: «Сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді«Мен еліме не беремін?»дейтін кездеріңіз де келді. Осы орайда, менің өтінішім бойынша өз отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттайкөмектесіп жатқан кәсіпкер азаматтар баршылық. Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс одан әрі жалғасын табады деп сенемін» деген еді. Бұл орайда «Еліме не беремін?» деп сын сағатта ел жанынан табылған сырбойылық кәсіпкер азаматтардың бұл бастамасы көпке үлгі.
Ұлы ойшыл Әл Фараби «Бақытқа жету жолында тұрғындары бір-біріне көмектесетін қала қайырымды қала» деп түйгеніндей, карантиндегі қоңыр тіршілікті қайырымдылық түрлі түске бояғандай жанды жадыратты. Қайырымдылықтың құдіреті де осында.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
21 сәуір 2020 ж. 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам