Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үздік аула анықталды

Үздік аула анықталды

«Қала күні» мерекесі аясында Қызылорда қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларымен «Үздік аулалар» байқауын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Байқаудың бір ерекшелігі қала тұрғындары үздік ауланы өздері таңдайды.
Қызылорда қаласын жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға қаланың жанашыр және белсенді азаматтары өз үлестерін аянбай қосып келеді. Соның бір дәлелі, биылғы байқауда жаңа мөлтек ауданды көгалдандыру ісін қолға алған Жаппасбай батыр көшесіндегі №76 үй тұрғындарының ауласы басым дауысқа ие болды.
Туған қаламыздың көркеюіне үлес қосып, жанашырлық танытқан тұрғындарды құттықтауға арнайы барған қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы аула бағбандарына қала әкімінің арнайы дипломын табыстады.
Сонымен қатар, ауланы көркейту-көгалдандыруға қажетті құрал-саймандар жинағы беріліп, тұрғын үй ауласына «Үздік аула - 2020» тақтайшасы ілінді.
Бірлігі жарасқан тұрғындар бұл байқаудың көгалдандыру ісін одан әрі жалғастыруға жігер бергендігін жеткізді.
Мұндай аулалар кез келген жанның көңілін жадыратпай қоймайтыны анық.

24 қыркүйек 2020 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 211 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам