Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨГАЛДАНДЫРУҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

КӨГАЛДАНДЫРУҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

    Биылғы жылы Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде өткізілген көктемгі-күзгі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлықтары барысында өздерінің үлгілі істерімен өзгелерге өнеге көрсеткен мекемелермен бірге жеке тұрғындарды ынталандыру мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын.
Кент әкімдігінде аталмыш комиссияның отырысы өткізіліп, онда кент бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, аудан орталығын көркейту, көгалдандыруға белсене атсалысқан мекемелер мен жеке тұрғындарға құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада Жосалы кенті әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Дүйсенбаев жүргізілген жұмыстар барысымен таныстырып, алдағы жоспарларға тоқталды.Сонымен бірге, Бауыржан Момышұлы көшесінің байырғы тұрғыны, еңбек ардагері Әбдібек Лақбаевқа «Үлгілі аула» аталымын, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің директоры Болат Жұмабаевқа «Үздік кіреберіс» аталымын және кент орталығындағы Ідіріс Тұрмағамбетов атындағы көшенің тазалығын жүргізуге бекітілген №6 «Айсұлу» балабақшасының меңгерушісі Роза Нысанбаеваға «Таза көше» аталымын тапсырып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
12 желтоқсан 2017 ж. 1 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 208 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам