Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жүлде құтты болсын, Сыр елі!

Жүлде құтты болсын, Сыр елі!

Ақжайықтың төрінен ақжолтай хабар келді. Айтыс ақтаңгері, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов Оралда өткен республикалық айтыста жеңіс тұғырынан көрінді.
Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза-Әліге арналған «Жайықтың қос қыраны» атты жыр додасына барлығы он алты ақын қатысты. Айтысқа Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы баға берді. Жерлесіміз айтыс барысында белгілі айтыскер Жансая Мусинамен сөз қағыстырып, қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Мұхтар Мәуленұлын жеңісімен құт­тықтай отырып, алдағы айтыстарына сәттілік тілейміз. От ауыз, орақ тілді жыр жампоздары бақ сынаған өнер бәйгесінде осылайша Сырдың мерейі үстем болды.
Жүлде құтты болсын, Сыр елі!
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
29 қыркүйек 2020 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 504 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам