Ұрылар ұзаққа бармады
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28 күні Сырдария аудандық полиция бөліміне 79 жастағы жергілікті тұрғын үйінің ауласында тұрған «Ваз» автокөлігінің ішінен аккумулятор мен магнитоланың ұрланғандығы жөнінде арызданған.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «ізін суытпай» ұрлыққа күдікті ауданның екі тұрғынын құрықтады.
Ұрланған аккумулятор мен магнитола айғақ за ретінде алынды.
Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі