Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қарттарын қадырлеген ел ардақты

Қарттарын қадырлеген ел ардақты

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева және ономастика бөлімінің бас маманы Алтынкүл Әбжалиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда елеулі еңбек етіп жүрген Ержан Үбәйдәұлын құттықтап келді.
Ұлттық құндылықты ұрпаққа ұялатқан ардақты ағамыздың иығына шапан жауып, аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хаты мен игі тілегін жеткізді.
Өз кезегінде Ержан Уайс «Біз аға ұрпақтың өкіліміз. Басшылыққа қолдау көрсетіп сүйеніш болу, жастарға ақылшы болып жол сілтеу біздің парызымыз. Қазіргі қиын қыстау кезеңде бізге бірлік қажет. Сол бірліктің арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз. Бүгінгі көрсетілген құрмет мен үшін үлкен мәртебе. Әрбір адамның жүрегінде үлкенге деген кішіпейілділік мол болса, мемлекетіміздің әл-ауқаты, халықтың рухани байлығы жоғарылай түсетіні сөзсіз, - деп өз ризашылығын білдірді.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі
02 қазан 2020 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 211 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам