Қызылорда қаласы әкімінің құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Достық пен тұрақтылықтың өлшеміне айналған бұл күнді мемлекетіміздің басты мерекесiне айналдыру идеясын Елбасымыз ұсынған еді. Қазақтың ұлан-ғайыр жерін мекендеген барлық этнос өкілдерінің басты байлығы – бірлік пен ынтымақ. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы. Біздің досқа адалдықтан, бауырласқа мейірбандықтан айнымаған салтымыз бар.
Бірлік пен келісім — біздің халықтың жылдар бойы ең ауыр кезеңдерден бері сақтап келген құндылықтары. Еңбек, құрмет, бірлік арқасында біз Тәуелсіздікке жеттік, экономикада көп жетістікке жеттік, біздің елімізді бүкіл әлем құрметтейді. Бүгінде әрбір қазақстандық, этникасына қарамастан, өзін үлкен отбасының бір бөлігі сезінеді деген Мемлекет басшысы. Сан ұлтқа саялы мекен болған қаламызда да этнос өкілдері түрлі салада татулықпен еңбек етіп, аймақ дамуына біркісідей жұмыла атсалысуда.
Халқымызда «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген дана сөз бар. Мемлекетіміздің абыройы артып, экономикалық дағдарыстарға бой алдырмай, күн санап халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін бәріміздің бірлесе атсалысатынымызға сенімім мол.
Құрылғанына 25 жыл болған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда ел дамуына, ұлттардың ынтымақтасуына, этносаралық қатынастардың өркендеуіне зор үлесін қосып келеді.
Қадірлі ағайын!
Айтулы мерекеде ынтымағы ырысқа, бірлігі берекеге ұласқан Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолында жасап жатқан еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!
Тірлігіміз түзу, бірлігіміз бекем болсын!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев