Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Отбасы жағдайындағы зорлық зомбылық

Отбасы жағдайындағы зорлық зомбылық

Отбасы-шағын мемлекет десек бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездеріде аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған бақытты отбасын құрамын деп арманы орындалмаған  әйелдердің көбі ажырасуға мәжбүр болады.
        «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей -жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдермен мен оның жас балалары. Заң тұрғысында да бір қатар өзгерістер енгізілген. Мәселен, әйелге қол жұмсағанын растайтын құжаттар болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған.10-15 тәуілік қамауда отырып шыққанадам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол  көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін. «Әйелдерді қорғау» орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің саны кобейе түскен. Балалар да үйінде, мектепте  және басқа да қоғамдық мекемелерде күндегі қатыгездікпен және зорлық зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда,бала үшін ата-ананың үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактірлер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоимағандықтан көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғаулы құқығы бар жаннан гөрі,ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік,балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық зомбылықтың дамуын тудырады және келешегінде қылмыстықты тудыруы мүмкін. Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзуы мүмкін. Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білуі қажет. Әр бір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз берілмей ақ қозғалады.
         Егер қандайда бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына достарына, жақсы таныс көршілеріне, мұғалімдеріне оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім тефонына қоңырау шалуына болады.             
   Раушан Жиенбаева,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
жетекші маманы
10 қыркүйек 2020 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 427 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам