Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тұрғындар тілегі тыңдалды

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Онлайн қабылдауға жүгінген тұрғындар  сауалының басым бөлігі тұрғын үй, жер, жұмысқа орналасу және шағын кәсіпкерлікке байланысты болды.
Шаһар басшысының қабылдауына әлеуметтік мәселесін айта келген тұрғынның бірі – Жамбыл Баймаханова. Зейнеткер өзінің келіні, жалғыз басты ана Алтынкүл Назароваға пәтер сұрап келген. Бұл азаматша тұрғын үй алу кезегіне 2012 жылдың 15 наурызында көпбалалы аналар тобына тіркелген. Тұрғынның сауалын тыңдай келе қала әкімі бүгінгі таңда кезек ретінде 19-шы болып тұрған Алтынкүл Құдайбергенқызына жыл соңына дейін баспана кілті табыс­талатынын айтты.
Өз сауалына қанағаттанарлық жауап алған зейнеткер ризашылығын жеткізіп, қала басшылығына алғысын білдірді.
Сонымен қатар жеке қабылдауға жазылған тұрғындар уақытша пәтер, өз кәсібін дамыту сынды мәселелерін көтеріп, сауалдарына сәйкес толық жауап­ алды.
Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары мұқият тыңдалды. Әр мәселені егжей-тегжейлі талдаған қала әкімі көтерілген сауалдарға байланысты тиісті сала басшыларына тапсырма берді.  Тұрғындар айтқан мәселе заң аясында шешімін табатыны және мұны өз бақылауына алатынын жеткізді.
«Ақмешіт ақпарат»
03 қазан 2020 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 209 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам