Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

   Бүгінде көкейдегі түйіткілді мәселені жергілікті билікке жеткізу жеңілдеді. Мұны біз қала әкімінің апта сайын өткізетін қоғамдық қабылдауынан байқаймыз. Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындар тілегін ескерусіз қалдырып жатқан жоқ. Расында, халықтың әлеуметтік мәселесі көп. Мұқтаж жандардың тілегін орындауды мақсат еткен қала әкімі өткен апта да қоғамдық қабылдау өткізді. Бұқараның базынасын тыңдады.
Шараға түрлі сала бойынша жауапты басшылар мен мамандар қатысты. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар баспана, жұмыс және  әлеуметтік көмек мәселесіне байланысты өтініштерін білдіруге асыққан.  «Өз үйім – кең сарайдай боз үйім» демекші қала тұрғындары арасында баспанаға қолы жете алмай жүргендер көп. Себебі, бүгінгі кездесуде тұрғын үй мәселесіне байланысты өтініш айтқандардың қарасы қалың. Тасбөгет кентінің тұрғыны Айнұр Немельбаева баспанаға қол жеткізуді армандайды. 6 баласымен пәтерден-пәтерге көшіп мазасы қашқан.
 – Қала басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, көкейтесті мәселенің шешімін табуға көмектесіп жатқанын естідім. Осыған орай, баспана алуға мүмкіндік сұрап келдім. 2019 жылдың сәуір айында көпбалалы ретінде тұрғын үй кезегіне тұрғанмын. Қазіргі таңда 2053-ші кезекте екенмін.  Қала әкімі мемлекеттік үйлер тек қана кезек реттілігімен беретінін түсіндірді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдіктер бар екенін айтты. Осы жерден мамандардан кеңес алдым, – дейді көп балалы ана.
Қоғамдық қабылдауға жеке бастың ғана емес, елдің мәселесін айтуға келгендер де бар. Мәселен, Тасбөгет кентінің тұрғыны Қалиядин Достыбаев осы уақытқа дейін көтеріп жүрген №17 маршутқа қатысты мәселенің шешілмей келе жатқанына қапалы.
 – № 17 маршурт 10 жыл бойы Сапарбаев көшесімен жүретін. Бүгінде ол көшенің қиылысымен бұрылуға мүмкіндік жоқ екенін айтып қоғамдық көлік қатынамай қойды. Осы мәселені реттеп берсеңіз, – деген ұсынысын жеткізді қала әкіміне.
 – Қаражаттың мүмкіндігіне қарай Тасбөгеттегі жол жөндеу мәселесі шешімін тапқан. Ал елдің мұң-мұқтажын айтып келген сіздердің өтініштеріңіз орынды. №17 маршурт бұрынғыша Сапарбаев көшесінің соңына дейін қатынайтын болады, – деді қала әкімі.
Осылайша, үш күннің ішінде жолды тегістеп, №17 маршруттың мәселесін шешуді тиісті сала басшыларына тапсырды.
Қабылдаудан қуанышты көңіл-күймен қайтқан ардагер Қалиядин Достыбаев шаһар басшысының істеріне халықтың көзқарасы оң екенін білдірді.
 – Қала әкімі қажырлы еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде облыс орталығын жоғары жетістіктерге жеткізді. Қызылорданың жаңа келбетін қалыптастырды. Оған халық куә. Тың жобалар жүзеге асып, шаһар шырайлана түсті. Ең бастысы – тазалық, мәдениеттілік қалыптасты. Алдына келген әрбір жанның мәселесін жауапсыз қалдырған жоқ. Сонысына ризамыз, – деді ардагер. 
Қала әкімі бір күнде 109 азаматты жеке қабылдады. Оның ішінде тұрғын үй кезегіне байланысты 62, әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай жүргендер бойынша 29, жерге қатысты 6 және коммуналдық сала негізінде 12 мәселе қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Рас, облыс орталығында  әлі де проблемалар бар. Бірінде ауыз су тапшы. Бірінде жол қатынасы қиын. Жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған қала басшысы бұл мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін мәлімдеді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
11 ақпан 2020 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам