Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Nur Otan» праймеризі: Онлайн-дауыс беру мерзімі ұзартылды

«Nur Otan» праймеризі: Онлайн-дауыс беру мерзімі ұзартылды

«Nur Otan» партиясының праймеризінде веб-сайт және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімі тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзартылды.
«Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу қағидаларына сәйкес, дауыс беру күні Орталық ұйымдастыру комитеті бекітетін республикалық Күнтізбелік жоспарда айқындалады. Осылайша, дауыс берудің белгіленген мерзімі –2020 жылдың 3 қазаны сағат 14.00-ге дейін болатын.
Партияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2 қазан сағат 17.00-дегі жағдай бойынша праймеризде 446 297 сайлаушы немесе жүйеде тіркелген партия мүшелерінің 57% дауыс берді.
Партиялықтар мен жалпы жұртшылықтың партияішілік сайлауға жоғары қызығушылығы бір мезгілдегі сайтқа жүгіну санын едәуір арттырды (100 мың және одан да көп). Соның салдарынан дауыс берудің алғашқы сағаттарында сайтқа қолжетімділік пен тіркелу бойынша уақытша қиындықтар туындай бастады.
Ақпараттық жүйеге түскен техникалық жүктемелердің салдарынан партияның көптеген мүшесі дауыс бере алмады. Қоғамдық қабылдаудың колл-орталықтарына 1,5 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Оның ішінде 828-і – дауыс беру кезіндегі техникалық қиындықтар мәселелері бойынша.
«Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы партияның ұйымдастыру комитеттеріне партиялықтар мен кандидаттар тарапынан дауыс беру мерзімін ұзарту туралы өтініштері келіп түсті. Өтініштерде дауыс беру жұмыс күндері өтіп жатқандықтан таңдау жасауға уақыттың жетіспеуі атап өтілуде.
Сонымен қатар, ертең, 3 қазанда, сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін сайлау учаскелері жұмыс істейді. Өз кандидатына дауыс бере алмаған азаматтар жаппай учаскелерге келу қаупі бар. Пандемия жағдайында бұл коронавирус инфекциясын жұқтыруға әкелуі мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілді. Осылайша, веб-сайт және мобильдік қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Бұл ретте, үгіт-насихат жұмыстары сенбі, яғни 3 қазан күнгі 14.00-де сайлау учаскелерінің жабылуымен бір мезгілде аяқталатынын атап өту қажет», – делінген партия хабарламасында.
03 қазан 2020 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам