Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды. Қыргүйек бойы NIS-тің әлеуметтік желілердегі барлық ресми парақшалары мен сайттарында басты кейіпкерлерге айналаған мұғалімдердің құрметіне әсерлі де жүрекжарды роликтер жарияланды.
Әрбір дана ұстаздың кеше дара шәкірт болғаны аян және олардың бірқатары ең ардақты және мәртебелі мамандыққа деген таңдауларын бала күндерінде жасап үлгерген. Өмірлік ұстанымдармен жазылған фотосуреттер NIS мұғалімдерінің мамандықтары мен таңдаулары үйлесім тапқандығын дәлелдейді.
«Әділетті, шынайы, ашық-жарқын болу, өз мамандығына шын жүрекпен берілу – осының барлығы нағыз ұстаздың даналығын құрайды», – дейді Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің модератор-мұғалімі Ақмарал Ермекбаева. Ақтаудағы NIS-тің модератор-мұғалімі Лизаветта Хамитова, кәсіби жетістік қол жеткізген нәтижелерге тоқтамаудан басталатынына сенімді.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің модератор-мұғалімі София Тобылбаева үшін сабақ өткізу оркестрді басқарғандай болады: оқушының көзқарасы бойынша оның түсінгенін немесе түсінбегенін байқап, оны реттеп, жетістігіне бірге қуанады. «Егер бәрі жоспарлағандай өтсе, сабат нәтижесі классикалық шығармаға ұқсас болады», – дейді педагог.
Алтын ұя мектептерінің көрінісіндегі суреттер: сыныптағы, тақта алдындағы және ең бастысы шәкірттерімен шабыттанған кейіпкерлер – кез-келген сөзден дәлелді.
Көптеген отбасыларда іздеу жұмыстары үлкен шараға ұласып, нәтижесінде табылған мұрағаттық фотосуреттер көпшілік қауымның зор қызығушылығын тудырды. Ұстаздар ата-аналарымен бірге ескі альбом беттерін парақтап, сүйікті оқиғаларын еске түсірді. Уақыт өте келе сарғайған, кей тұстары бүлінген ақ-қара суреттер, ұстаздарымызды ағаштар үлкен болып көрінген бақытты балалық шаққа сапар шеккізді.
Ең көп қаралымды жоба аясында өткен Директорлар күні жинаған болатын.
Барлығы бетпе-бет шынайы қарым-қатынасты сағынған сәтте, қашықтан оқытудың қиын күндерінде кез-келген мектептің басты тұлғасы – Ұстазға – жылы сөздеріміз бен эмоцияларымызды сыйладық. Жобаның авторлары көпшілік тарапынан дәл осындай сұраныс пен табыстылықты күтпегендерін жасырмайды. Шын мәнінде бүгінгі дана ұстаз, кешегі дара шәкірт, «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар!»