Полицейлер алаяқ әйелді қолға түсірді
2020 жылдың қазан айының 5 күні Қызылорда облысы ПД-ң Жаңақорған аудандық полиция кезекші бөліміне алаяқтық дерегі бойынша облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны арызданған.
Былтырғы жылдың тамыз айында белгісіз әйел оның сеніміне кіріп, алдау жолымен 1 миллион 200 мың теңге көлемінде ақшасын алғаны анықталды.
«Жалақысы жоғары қызметке орналасуға көмек беремін» деп өз уәдесін орындамаған әйел қашып жүрген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті азаматша ұсталды. Ол сол ауданның 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүрігізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі